Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

27.04.2018

«Жаңа гуманитарлық білім» жобасы еліміздің ағарту ісін жаһандық деңгейге жетелейтін тарихи шешім болды. Бұл Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенованың пікірі. Әлемдік деңгейдегі 100 үздік еңбекті қазақ тіліне аудару ұлт санасын жаңғыртып, коғамды әлемдік өркениетке қалыптастыру, дейді сарапшы. Нәтижесінде қазақ жастарына халықаралық талаптарға сай жазылған оқулықтар қолжетімді болмақ. Жоба аясында түрлі бағыттағы жүз ғылыми еңбек ағылшын, француз және орыс тілдерінен тікелей қазақшаға тәржімаланады.

ЗАРЕМА ШӘУКЕНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒА ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл оқулықтардың қайсысы болмасын әлем бойынша үлкен сұранысқа ие бестселлерлер деп айтсам қателеспеймін. Бүгінгі таңда осы оқулықтармен жаһанның іргелі білім ордаларының студенттері оқып жүр. 10 айдың шамасында  Қазақстанның гуманитарлық білім жүйесін кешенді түрде ғаламдық деңгейге жетелеп, сапаландыра түскен бұл тың еңбектер Елбасының бағдарламалық мақаласының арқасында жүзеге асып отыр. Жаңа білім көздері биылдан бастап оқу бағдарламасына ендіріліп, аудиторияларға кіреді, онлайн жүйедегі желілерге құйылады. Елбасы өзінің мақаласында атап өткендей, болашақ оқу сыныптарында құрылады. Сондықтан игі істің нәтижесі көп күттірмейді деп ойлаймын. Бүгінгі жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, жан-жақты болып өсуін қамтамасыз етуде жаңа оқулықтардың алар орны ерекше болады. Елімізде о бастан жүргізіліп келетін үш тұғырлы тіл саясатының арқасында жастарымыздың көбі ғылыми жаңалықтарды түпнұсқадан оқи алады. Дей тұра мән-маңызын бұрмаламай, нақты ғылыми тілмен аударылған оқулықтар енді кең айналымға еңгізіліп, көпшілікке ана тілінде қолжетімді болмақ. Мемлекеттің дер кезінде жасалған бұл қадамы көкірегі ояу, білімді де жігерлі ұрпақ тәрбиелеп, жарқын болашағымыздың кепіліне айналатынына күмәнім жоқ.  

Комментарии (0)
Оставить комментарий