Қызмет көрсету жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 25 сәуірде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен Павлодар қаласындағы қызмет көрсету салаларының басшыларымен және өкілдерімен, құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен «Қызмет көрсету жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығы» атты семинар өтті.
Мемлекетіміздің тіл саясатындағы басты бағытын берік ұстану, мемлекеттік тілде қызмет көрсетудің сапасын арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ латын графикасына кезең-кезеңімен көшу мәселелерін талқылау семинардың негізгі мақсатына айналды.
Семинарға құзырлы органдардың (әділет, прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті), Павлодар облысы бойынша Банк филиалдарының, Павлодар қаласы бойынша ломбард мекемелерінің, ірі сауда орталықтарының, қонақүй кешендерінің және «Қазпошта» АҚ-ның, халыққа қызмет көрсету орталығының, Павлодар қаласындағы трамвай және автопарк, автобекет мекемелерінің, «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында жеке кәсіпкерлер мен қызмет көрсету салаларының иелері Елбасының Жолдауына сәйкес мемлекеттік тілді заманға сай жетілдіру, тіл саясатын сауатты жүргізу, мемлекеттік тілдің барлық салада белсенді қолданылуы тиіс екендігі жөнінде ақпарат алып, Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарына байланысты туындаған мәселелеріне құзырлы орган өкілдерінен тиісті сұрақтарына жауап алды.