Павлодарда «ТАЗА ЖАРНАМА – ҚАЛА КЕЛБЕТІ» облыстық акциясы қорытындыланды

03.05.2018

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде және Павлодар облысының 80 жылдығына орай облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен 2018 жылғы 1 сәуірден бастау алған «ТАЗА ЖАРНАМА – ҚАЛА КЕЛБЕТІ» облыстық акциясы қорытындыланды.

Акцияның басты мақсаты ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерді анықтау.

Қателер, әсіресе, жеке кәсіпкерлердің нысандарындағы маңдайшаларда, жарнамаларда, баннерлерде анықталды. Акция шеңберінде барлығы 100-ден аса фотосурет жиналды.

Акцияның белсенді қатысушыларын ресми марапаттау ағымдағы жылғы 28 сәуірде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында өтті. Басқарма атынан белсенділерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Іс-шара ұйымдастырушылары акцияға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқан облыс тұрғындарына алғыстарын білдірді. Басқарма өз тарапынан қателікке жол берген нысан иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Комментарии (0)
Оставить комментарий