«Жаһандану кезеңіндегі түркі терминологиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

11.06.2024

2024 жылдың 4 қазанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ұлттық ғылым академиясының академигіфилология ғылымдарының докторыпрофессор Ә.Қайдардың 100 жылдығына орай «Жаһандану кезеңіндегі түркі терминологиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, түркітанушылар, терминолог-ғалымдар, Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, мектеп мұғалімдері, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ тіл жанашырлары қатыса алады.

Ғылыми мақалалар 2024 жылдың 27 қыркүйегіне дейін қабылданады.

 

Конференцияның толық ережесімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://disk.yandex.ru/d/iBoixwi9UBaNMw

Комментарии (0)
Оставить комментарий