«ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» АЛЬМАНАҒЫ: ОҚЫРМАН ОЙ ТОЛҒАЙДЫ, БІЗ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

19.09.2024

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Тіл және қоғам» альманағы қазақ тілінің өзекті проблемаларын оқырман қауымның талқысына ұсына отырып, филология және әлеуметтік ғылымдар (тарих, журналистика, әлеуметтану, психология, т.с.с.) мен тіл саласында қызмет атқарып жүрген тіл мамандарының теориялық, практикалық тұрғыдағы және тілдің функционалдық мүмкіндіктерінен туындаған ойтүйіндерді жариялайды.

 Электрондық ғылыми басылым жылына екі рет жарық көреді.

Альманах қазақ тілінің даму тарихынан бастап, қазақ тілінің ғұмыр тарихында болған әліпбилер, олардың ерекшеліктері мен болашаққа алар тұстары, тіліміздің қалыптасуына еңбегі сіңген ғұлама тұлғалар мен ғалымдардың ерекше еңбектерінің қазіргі қазақ тілінің дамуына қосып отырған тұстарын қозғайды.

Сондай-ақ, қазақ тілінің әлеуметтік функциясы мен ондағы түйткілді мәселелер, ақпараттық кеңістіктегі қазақ тілінің проблемалары мен жаһандану кезіндегі тіл мәселелері жөнінде жан-жақты талдау жасап отырады.

Бұдан басқа жасанды интеллект саласындағы өзекті тіл мәселелерін шешу жолдары мен ұсыныстары, қазіргі қазақ жазуының динамикасы, тілдегі өзгерістер, емле ережесі, Қазақстандағы тіл ахуалына талдау жасау, тіл үйретудегі озық әдістер және осы бағыттағы т.б. мәселелер  қамтылады.

Түрлі ғылым (гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық) саласындағы мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері, тіл саясатының өткені, бүгіні, келешегіне қатысты мәселелердің өзара үндестігі мен байланысы, қазіргі қолданыстағы жаңа тенденциялар, тіл және сөйлеу мәдениеті, аударма, жасанды интеллектінің тіл кеңістігіндегі рөлі, қазақстандық көлемді тіл моделін жасау барысы және т.б. мәселелер төңірегіндегі ғылыми мақалаларды оқи аласыздар.

Тілдің дамуы мен келешегіне, мүмкіндігі мен әлеуетіне қатысты  тақырыптардың біріне қалам тербеп, қаламыңыздан туған ойыңызды «Тіл және қоғам» альманағына жариялауыңызға болады.

 Ғылыми мақалаңызды 2024 жылдың 14 қарашаға дейін Tilalеmi.kz сайты арқылы немесе aden_kz@bk.ru және  info@tilqazyna.kz электронды поштасына жібере аласыз.

Қазақ тіліндегі мақалалар қабылданады.

Мақала жариялау тегін, ал үздік мақалаға қаламақы қарастырылған.

 

 Мемлекеттік тілдің даму динамикасы мен тіл саясаты толғандырған ғалымдар мен зерттеушілерді, студенттер, магистранттар және докторанттарды халықаралық басылымға мақала жазуға шақырамыз.

 

«Тіл және қоғам» электронды ғылыми журналына (альманағына) жарияланатын мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптары сілтемеде: https://docs.google.com/document/d/18ffRKV4shAW9O2hCdm9P2OWKUuFl8pZT/edit?usp=sharing&ouid=102103695371752033895&rtpof=true&sd=true

Комментарии (0)
Оставить комментарий