Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы неміс тіліне аударылды

10.05.2018

Қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасының құдіретіне бойлап мән–маңызын енді неміс тілді оқырмандар ұғына алады. Бұл туындыны еліміздегі Гете мәдени университетінің мамандары аударды. Елордада тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартқан «Жүректен жүрекке» атты жинаққа бұдан бөлек заманауи қазақ жазушыларының бірқатар таңдаулы шығармалары еніп отыр.

АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА, ЖАЗУШЫ:  

- Менің бұрын баспасөзден жарық көрген «Шашты»  және «Ереймен мен Ақынай» негізгі өмірден алынған өмірдерек, тарихи деуге болады. Біріншісі – Мұстафа Шоқайдың 10-шы атасы «шашты» руынан шыққан адамның тарихы. Екіншісі – «Ереймен мен Ақынай» сюжетін Ғалым Жайлыбай ақын ағамыз берген. Сол екі көркем дүнием аударылып осы жинаққа енді. Өте қуаныштымын.  

Жинақ германиялықтарды қазақ әдебиетінен сусындатса, жергілікті оқырман қауымды көрнекі шетел жазушыларының шығармашылығымен таныстыруға арналған. Сондай-ақ жоба аясында Гете тілінен тәржімаланған әйгілі шетел авторларының туындылары қазақ тілінде қолжетімді болып отыр.

ШОЛПАН ҚЫЗАЙБАЕВА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ГЕТЕ» МӘДЕНИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:  

- Германияның ұлттық кітапханаларына тағы түрлі 8 кітапханасына үш данадан осы кітапты жібердік. Енді неміс тілді оқырмандар қазақ авторларын неміс тілінде оқиды. Ол дегеніміз қазақ әдебиетінің сыртқа шығуының, әсіресе, неміс тілді әдебиетті оқуды жақсы көретін оқырмандарға арналған.  

Әзірге 1000 данамен басылып шыққан халықаралық әдеби жинақтағы әңгімелер түпнұсқа және аударма тілінде қатар берілген. Әлі де жалғасын табатын жоба қос ел халықтарының мәдени сабақтастығын жандандыруға бағытталған.

Комментарии (0)
Оставить комментарий