«Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият» атты түркі жазбалары күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция

10.05.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 27 сәуірде Қызылорда қаласында «Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият» атты түркі жазбалары күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Республикалық ғылыми-практикалық конференция ұлттық-рухани тамырдан нәр алған ұлттық жаңғырудың қайнары - түркі жазуының өткені мен бүгінін зерделеуді мақсат етті. Отандық түркітанушы-ғалымдар латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің бүгіні мен болашағын сөз етіп,  өзара тәжірибе алмасты. Түркі жазба мұраларын зерттеуде соңғы жылдары қол жеткізген ғылыми табыстар баяндалып, түркі жазбаларын зерделеудегі өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдары қарастырылды.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға отандық түркітанушы-ғалымдар,  қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, жас зерттеушілер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Ісшара, Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде түркі мәдениеті мен өнеріне арналған мерекелік концертпен аяқталды.

Комментарии (0)
Оставить комментарий