«Тіл керуені – 2018» жобасының ашылуы

17.05.2018

Ағымдағы жылдың 14 мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік тілге оқытудың тілдік-туристік-мәдени бағыттағы «Тіл керуені» жобасы бойынша қазақ тілі курстары басталды.

Шараның мақсаты – тіл-мәдениет-туризм сызбасы бойынша тілдік ортаға ену үшін кешенді тәсіл негізінде шынайы тілдік ортаға жағдай туғызу және меңгеру тілінде қарым-қатынастың ситуациялық үрдісін жасау.

«Тіл керуені» жобасы бойынша қазақ тілін оқыту курстарында тыңдаушылар мемлекеттік тілімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды қазіргі заманға сай сабақ түрлері: ойын-сабақтары, флеш-тренингтер, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялары арқылы үйренеді. Тыңдаушыларды тілдік ортаға бейімдей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу арқылы тілдік ортаға енулеріне жағдай жасалады.

Шараға қала мен аудандардан орыс тілді азаматтар қатысуда.

Комментарии (0)
Оставить комментарий