«Қазақшаңыз қалай?» акциясы

18.05.2018

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен 2018 жылғы 15 мамырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде қалалық сауда үйлерінде «Қазақшаңыз қалай?» акциясы бастау алды. Аталған іс-шараны ұйымдастыруға «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жаткан Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді студенттері атсалысты.

Акцияның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын барынша кеңейту және оның қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына енгізу болып табылады.

Акцияға қаланың тұрғындары қатысып, қойылған сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріп, мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтады. Акцияның белсенді қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Комментарии (1)
user1798
15.12.2023
How does the "Kazakshanyz Kalai?" initiative support the vision of modernizing public consciousness proposed in the program "The Course towards Future: the Modernization of Public Consciousness"? Regards <a href="https://sas.telkomuniversity.ac.id/en/">Telkom University</a>
Оставить комментарий