Астана қаласында сала мамандары бекітілетін терминдерді сараптады

25 қыркүйекте Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Республикалық терминология комиссиясының жанындағы Құқық және зияткерлік меншік салалары секциясы мен Экономика, қаржы, стандарттау және статистика салалары секциясының бірлескен отырысы өтті.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған жиынның негізгі күн тәртібінде 2025 жылғы «Заң саласының терминдері» республикалық байқауының қорытындысы бойынша қазақша баламасы сәтті деп танылған терминдер қаралды. Сонымен бірге нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестері қолданыстағы жекелеген терминдер (қайта жасалған «жаңа терминдер») талқыланды. Республикалық терминология комиссиясының үшінші, төртінші отырысында бекітілетін терминдер тізімі нақтыланды.
Екі секцияның біріккен отырысына Экономика, қаржы, стандарттау және статистика салалары бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Жанна Арынова, экономика ғылымдарының кандидаты Саян Шәкеев, Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Гүлназ Әлібекова, Экономика институтының бөлім басшысы, PhD Дана Қанғалақова қатысты.
Ал Құқық және зияткерлік меншік салалары секциясына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Сағынғали Айдарбаев, аталған университеттің профессоры, заң ғылымдарының докторы Алуа Ибраева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты, сот сарапшысы Алтынбек Әбуов, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Гүлжазира Ілиясова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ассистент-профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Бағлан Мақұлбеков қатысты.