«Қазақстан» телерадиокорпорациясының делегациясы «Тіл-Қазына» орталығында болды

13.07.2026

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ернұр Бурахан бастаған делегация арнайы келді.
Кездесу барысында «Тіл-Қазына» басшысы Мақпал Жұмабай ұйым қызметінің негізгі бағыттары мен қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамытуға арналған жобалар туралы ақпарат берді.
Тараптар қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, медиа саласына заманауи тілдік технологияларды енгізу, сондай-ақ салалық терминологиялық қорды жетілдіру бағыттарындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысында тараптар қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін білдірді.

Комментарии (0)
Оставить комментарий