Астанада БАҚ өкілдері марапатталды

04.07.2018

Елордадағы «Этноауыл» кешенінде «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары анықталды.

 Республикалық конкурсқа ел бойынша 200-ге жуық материал түскен. Белгілі журналистер мен филологтардан құрылған комиссия жұмыстардың ішінен төрт номинация бойынша үздіктерді іріктеді. Әділ қазылардың шешімімен бас жүлде, яғни бір миллион теңге «Қазақпарат» тілшісі Жарылқап Бейсенбайұлына бұйырды. Ал Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет, спорт, туризм және тіл саласындағы жаңалықтарды бұқараға жеткізуге елеулі үлес қосқан ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет грамоталарын тапсырды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– БАҚ қызметкерлері күндіз-түні жұмыста жүреді. Оларды марапаттап, құрметтеу – біз үшін үлкен қуаныш.

Гауһар Сәрсенбаева, «Хабар 24» арнасының продюсері:

– БАҚ кәсіби мерекесі қарсаңында осындай құрмет грамотасына ие болып отырмыз. Бірақ бұл тек менің ғана жұмысым емес. Бұл бүкіл әріптестерімнің, «Хабар 24» арнасының еңбегі деп ойлаймын. Бізді елеп отырған министрлікке де, әріптестеріме де алғысымды айтамын.

Комментарии (0)
Оставить комментарий