Астанада тегін тіл курстары ашылды
Астанада «Тілдер саябағы» әлуметтік жобасы өз жұмысын бастады, оның аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің курстарына жазылып, тегін оқуға болады.
Тілдер саябағы - қала тұрғындарына саябақтарда үштілділік бойынша, тегін үш тілді үш ай бойы оқытуға бағытталған әлеуметтік жоба. Дайындық деңгейі «Beginner» және «Elementary». Бағдарлама 6 жастан бастап түрлі жастағы адамдарға арналған.
Басты мақсат - Президент реформаларын жүзеге асыру, қала саябақтарында тегін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту. Курсты оқып, аяқтағаннан кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Сабақтар аптасына үш рет «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығына қарсы «Ғашықтар» саябағында өтеді.
Сабақ кестесі:
Ағылшын тілі
Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма
9:30-11:00 аралығында 14-18 жас аралығындағы жастар;
11:00-12:30 аралығында 14 жасқа дейінгі балалар;
18.30-20.00 аралығында 18 жастан ересектерге дейін.
Қазақ және орыс тілдері
Сейсенбі, бейсенбі, сенбі - топтарға жазылу жүргізілуде.
Тыңдаушыларды сабақтан басқа, қызықты кездесулер, караоке жарысы, кинофильмдер, пікірталас клубтары және тағы басқалар күтеді.
Курсқа тіркелу үшін мына сілтемеге басыңыз.