Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесу өтті

21.09.2018

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20 қыркүйегінде Павлодар облысы үкіметтік емес ұйымдарының бірінші басшыларымен кездесу кестесіне сәйкес «Латын графикасына көшу – заман талабы» атты үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен жиын өтті.

Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы, «Замандас» ардагерлер клубы, «Ұлт тағдыры» қозғалысы, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының мүшелері, сонымен қатар «Найзатас» әдеби-көркем және қоғамдық саяси журналы, «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында латын графикасын қазіргі заманауи технологиялық ортаға енгізу, коммуникацияның, XXI ғасырдағы ғылым, білім және ұлтаралық қатынас тілі екенін, жаңа мамандардың ашықтық, прагматизм мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы басты факторлары туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ латын графикасына көшу кезең-кезеңімен, қазақ тілінің ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылатынын тілге тиек етті.

Жиын соңында басқарма басшысы шараға жиналған қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп, үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері тарапынан мемлекеттік тіл саясаты және қазақ тілін дамыту мәселелеріне байланысты жасаған ұсыныстары ескерілетінін жеткізді.

Айта кету керек, соңғы уақытта аймағымызда қоғам өміріне қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артып келеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына атсалысуда.

Комментарии (0)
Оставить комментарий