«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» республикалық семинары Жамбыл облысында өтеді

02.10.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің  «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылдың 10-12 қазан күндері Жамбыл  облысының, Талас  ауданы Қаратау қаласы, Рысқұлов ауданы Құлан селосы және Тараз қаласында мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға  бағытталған  "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" атты республикалық семинар өткізеді.

Шараның мақсаты – Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық болмысымызды бабалар тілімен жеткізу, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, рухани мәдениетімізді көтеру, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.                

Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаткер Расул Жұмалы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Дулатитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш  Құрманбекова, облыстық баспасөз құралдарының бас редакторлары, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, жұмысшы жастар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері қатысады.

Жобаға 735-ке жуық адам қамтылады.  

Комментарии (0)
Оставить комментарий