«Рухани жаңғыру – тілге тың тыныс» ғылыми-тәжірибелік конференциясы

04.10.2018

Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының және «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ–нің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру – тілге тың тыныс» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылау, латын әліпбиіне көшуге байланысты кезең-кезеңмен асырылуға тиіс мәселелерге тоқталу.

Аталмыш жиынға Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Е.Тілешов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к, доцент А.Абасилов, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, облыстың зиялы қауым өкілдері және республиканың өзге де облыстарынан келген оқытушылар мен әдіскерлер қатысты.

Конференцияны Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі А.Сағымбай салтанатты түрде ашып, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша өңірдегі жүргізіліп жатқан ісшаралар барысына тоқталып өтті.

Бас баяндамашы Ербол Тілешов «Жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін сараптауды ұйымдастыру барысы» тақырыбында ойын ортаға салды. «Тілдің табиғаты сақталу үшін мәдениет пен ғылым һәм сақталып, һәм даму үшін, халық өзінің тілінде білім алуы, әлемді тану үшін емле ережелердің маңызы орасан зор. Тіпті ол солардың барлығының да басты кепілі» - деп ой түйді.

Ал Аман Абасилов «Жаңа әліпби: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбында және т.б. ғалымдар тақырып төңірегінде баяндамалар оқып,өз пікірлерін ортаға салды.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсетілген латын графикасына көшудің маңыздылығы жөнінде сөз сөйлеп, өңірдегі тіл саясатының дамуына нақты жұмыстарымен үлес қосып жүрген Орталық ұжымын 10 жылдық мерейтоймен құттықтады.

Шара барысында Ербол Ердембекұлы ҚР Мәдениет жән спорт министрлігі және Тіл саясаты Комитетінің атынан Қызылорда облысының мемлекеттік тіл саясатын белсенді насихаттап жүрген азаматтар мен Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы қызметкерлеріне тағайындалған алғыстарды табыстап, құрылғанына 10 жыл толған Орталыққа Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының арнайы құттықтау хаты мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының портретін сыйға тартты.

Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Қызылорда облыстық мәслихатының, облыс әкімі орынбасарының, облыстық ішкі саясат басқармасының және «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» алғысхаттарымен марапатталды.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий