«Тілдарын» республикалық олимпиадасы өтеді

06.10.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көптілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиадаға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған, 18-22 жас аралығындағы жастар қатысады.

  Олимпиаданың үш кезеңінде үміткерлердің қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілген тақырыптардың мазмұнын ашу, үш тілде сауатты сөйлеу және мәтіндерді ағылшын және орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде орфоэпиялық сауаттылығының сапалық деңгейі бойынша білімдері ескеріледі.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Өтетін орны:   Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 33

 «Аланда» қонақ үйінің  конференц-залы, 1-қабат.

 

Басталуы: 2018 жылғы 19 қазан, сағат: 10.00

Комментарии (0)
Оставить комментарий