Алматыда жаңа емле ережелерге байланысты республикалық семинар-кеңесі өтеді

24.10.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 26 қазанда «Жаңа емле ережелерін меңгерту: әдіснамасы мен әдістемесі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес  өткізеді.

Семинардың мақсаты – латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерін меңгертудің ғылыми-практикалық ұстанымдарын талқыға салып, оқыту процесінде кездесетін қиындықтарды анықтау және оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету.

Латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері бекітілгеннен кейін әдістемелік жұмыс тобының жұмысы жанданып, жаңа емлені меңгерту процесін ұйымдастыру шаралары қолға алынатыны белгілі. Осыған орай республикаға белгілі әдіскер-ғалымдардың, өңірлердегі тілдерді оқыту орталықтары мамандарының жаңа емлені оқытудың алғышарттары жөніндегі теориялық және практикалық ой-пікірлері мен тұжырымдары талданады.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, ұлттық комиссия жанындағы әдістемелік және орфографиялық жұмыс топтарының мүшелері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері, республикалық оқыту орталықтарының басшылары мен әдіскерлері, БАҚ өкілдері қатысады.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Н.Гоголь көшесі, 114 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Мәжіліс залы, 2-қабат.

 

Басталуы: 11:00

 

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-99-11, 27-71-38

 

Ұялы телефондар: 8 775 103 28 00

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий