Ұлттық ономастика мәселелері

26.10.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты  комитетінің тапсырмасымен  «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» 25 қазан күні  Павлодар қаласында  «Ұлттық ономастика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

Семинарға Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы,  Тілдерді дамытудың облыстық басқарма басшылары, ономастика бөлімінің жетекші мамандары және осы саланы зерттеуші ғалымдар қатысып ойларын ортаға салды.

       

Тәуелсіз елдің туындай биік тұратын - елді мекендердің тарихи, жер-су атауларын қалпына келтіру, өзекті  болып табылады.

Сондықтан да ономастика елдіктің ең басты тұтқасы десек болады. Атаулардың салтанат құруы елдіміздің өркендеуіне, оның дәуірлеуіне бастайды.   Семинардағы қозғалған ұтымды ой- қанатын кеңге жайған жақсы істерге негіз. 

Іс-шара барысында өңірлердегі ономастикалық ахуал, идеологиялық  тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері қаралды. Салиқалы ғылыми ой-пікірлер айтылды.

Сондай-ақ елді мекендердің байырғы тарихи атауларын қайтару мақсатында жан-жақты жүргізген зерттеу жұмыстары баяндалды.  

Семинар жұмысын қорытындылай келе, оқылған баяндамалар мен талқыланған тәжірибелердің негізінде қарар қабылданды.

 

 

 

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий