Түркі әлемі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін құптап отыр

06.11.2018

Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі туралы шешімі – тарихи маңызға ие. Өйткені, Қазақ елі – бүгінде Түркі дүниесіндегі көшбасшы мемлекеттердің бірі. Оның әрбір қадамы күллі Түркі әлеміне әсер етеді. Түрік ғалымдарының ортақ пікірі осындай. Олардың айтуынша, бұл жағдай қазақ тілінің дамуына және әлем тілдерінің қатарына қосылуына үлкен үлес қосады.  

ӨЗЛЕМ ДЕНИЗ ИЫЛДЫЗ, МАРМАРА УНИВЕРСИТЕТІ, ТҮРКІТАНУ ИНСТИТУТЫ ОҚЫТУШЫСЫ:

-  Қазақстанның латын әліпбиіне көшу үдерісін қолдаймыз. Ортақ немесе бір-біріне жақын әріптердің қабылдануы біз үшін маңызды. Қазақтардың бұл үдерісі алдағы уақытта қырғыздардың латын әліпбиіне өту үдерісінде сүбелі үлес қосатынына сенімдімін.

Қазақстанның латын әліпбиіне көшу үдерісін Түркия мен Еуропадағы қазақ диаспорасы қолдайды. Латын қарпі арқылы қазақ тілі шетелдегі қандастарымызға қолжетімді болады.

АБДУЛВАХАП ҚАРА, МИМАР СИНАН КӨРКЕМ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

-  Бұл, әсіресе Түркия мен Еуропадағы диаспора үшін де өте маңызды.  Өйткені, бұл жақта қазақтар латын әліпбиін ұстанады. Сондықтан кириллицаны оқу-тоқуда жастар қиындық тартуда еді. Енді латын әліпбиіне көшу арқылы Еуропадағы жастарымыз емін-еркін Қазақстанның баспасөзі мен кітаптарын оқитын дәрежеге келеді. Сондықтан бұл – өте маңызды.

Айта кеткен жөн, Түрік елі латын әліпбиіне 1928 жылдың 1 қараша күні көшті.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий