«Үздік мақала» байқауы

09.11.2018

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Tilmedia.kz» сайтына үш тілде «Үздік мақала» байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл саясатын» жүзеге асыру барысында сайтты үш тілде контентпен толықтыру, сапасын арттыру, өнімді жетілдіру және осы порталмен көпшілікті таныстыру.

«Tilmedia.kz» сайты Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен оқытудың үштілді моделін дамыту мақсатында, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат тарату негізінде іске қосылды.  

Байқау ережесі:

  1. Байқауға «Тіл үйренудің тиімді жолдары», «Үш тұғырлы тіл - заман талабы» және тіл саласынының т.б. тақырыптарына негізделген мақалалар ұсынылуы тиіс. Материал қазақ, орыс және ағылшын тілінде қабылданады;
  2. Мақала көлемі Microsoft Word редакторының А4 форматында 2 (екі) беттен кем болмауы тиіс;
  3. Ең үздік 10 мақалалар «Tilmedia.kz» сайтына орналастырылады;
  4. Жұмыстар tilalemi.kz@gmail.com; baidildina91@list.ru электрондық пошталарына 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады;
  5. Ең үздік мақала авторлары арнайы сертификаттармен марапатталады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-71-33, 8 707 940 70 74

 

Комментарии (1)
user352
03.01.2019
Қайырлы күн! Нәтижелері қашан жарияланады?
Оставить комментарий