Текті сөздің төресі – терме

12.11.2018

Бүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылымипрактикалық орталығының  ұйыдастыруымен «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.

Байқауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұнын ашатын еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген үміткерлер шығармалар орындап, бақтарын сынады.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқау жыр-термелер арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге жаңаша серпін берді.

Байқаудың Бас жүлдесі Қызылордалық Күнсұлу Түрікпенге бұйырды. 1-орын Батыс Қазақстан облысы Күләш Қуанышқалиева, 2-орын Қарағанды облысынан қатысқан Нұрмұхаммед Байсүгіров иеленді. Ал 3-орынды Павлодар облысының термешісі Оразбек Бахатхан мен Маңғыстау облысының қатысушысы Манаш Әдімбаев еншіледі.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетті.

Комментарии (0)
Оставить комментарий