Мәскеудегі Қазақ тілі орталығына 15 жыл толды
Мәскеудегі қазақ тілі мен әдебиеті орталығына 15 жыл толды. Бұл жерде оқу оқып, қазақ тілін жетілдірген қаншама жас бүгінде кәсіби білікті маман атанып, өз салаларында қызмет етуде. Олар осы орталықта алған білімін тәжірибе жүзінде табысты пайдаланып жүр.
КӘМШАТ ШАХАТОВА, ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ:
Екі студент, біреуі Ресей Федерациясының үшінші секретарь болып жұмыс істеуде, оның екінші тілі қазақ тілі болғандықтан, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі оны жұмысқа алды. Тек қана қазақ тілін білгендіктен. Екінші студент ол біздің 2007 жылдың түлегі тілдер институтында сабақ береді.
Орталықта ресейлік студенттер қазақ тілін екінші шет тілі ретінде оқиды. Оқу процесі оңай әрі көңілді етіп құрылған. Оқытушылар ақпаратты қызықты етіп жеткізуге тырысады.
ИРИНА КРАЕВА, ММӘУ РЕКТОРЫ:
Бұл – саяси және бизнес-құрылымдардың, мәдениет мекемелерінің өзара іс-қимылын талқылайтын және жүзеге асыратын ұрпақ. Әрине, тіл маманы үшін қазақ тілін үйрену мемлекеттік міндетке сай келеді.
Орталықта жыл сайын қазақ тілінен олимпиада өтеді. Мұнда оқыту қызметінен басқа, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстыратын танымдық үйірмелер жұмыс істейді. Мамандар тіл білу деңгейі мен халықтың мәден мұрасын сақтауда осындай мекемелердің маңызы зор, дейді.