Қазақстан астаналарының атаулары

12.12.2018

Ұлан ғайыр атырапты мекендеген алаш халқының сан ғасырлар бойы өткізген өмір көші- қазыналы, шежірелі ғұмыр. Тарихтың төрінде тұрған көне түркілердің бүгінгі таңдағы ұрпақтары тәуелсіздіктің көк туын асқақтатып, бабалардың сан ғасырлы арманы болған еркіндіктің ақ жолына түсті. Әлем халықтарының ішінде жердің бір шетінен екінші шетіне көшіп барып мемелекет болғандары қаншама, алуан түрлі ұлттардың өзара интеграциясының нәтижесінде пайда болғандары да молшылық. Қазақ халқы тамырларын тереңге батырып, қасиетті Дешті қыпшақ даласынан тапжылмай ата жұрттың қара шаңырағын иемденіп қалған этнос[1]. Алаштың төл бесігі болып есептелтін, Жайық пен Ертістің, Сарыарқамен Алатаудың арасындағы ұлан ғайыр дала мен сол ауқымды алқапта тұрғызылған шаһарлар бабалар аманаты болып табылады. Шаһарларымыздың тарихы көнеден бастау алып, олар өз бойына сан ғасыр бойы орын алған тарихи оқиғалар мен әлеуметтік және саяси өзгрістерді сіңіріп, бүгінгі ұрпаққа сыр шерте алады. Талай ғасырлардың ішінде қазақ халқы көшпелі өмір салтымен айналысса да, қалалардың қоғамыдық өмірде алатын орны бөлек болған, әсіресе халық астаналарының рөлі маңызды болған. Тұрақты халық елордалары бейқам жатқан қазақ даласын үдерістің жолына салып, қазақ халқының экономикалық және мәдени дамуын алға сүйреді, ал XX-шы ғасырдың басында бұл шаһарлар арқылы қоғамға капиталистік элементтер еніп қана қоймай, олар өнеркәсіптің ірі ошақтарына айналды[2]. ХХ-шы ғасырдың бірінші ширегінде орын алған қилы-қиямет оқиғалар мен Патшалық Ресейдің құлауы дүниенің астан кестенін шығарғаны белгілі, сол уақыт қазақ халқына да сындарлы кезеңдердің біріне айналды. Коммунистік биліктің келуінен кейін, сан алуан саяси факторлардың ықпалыменен бірнеше шаһарымыз елорда статусына ие болды, олардың ішінде: Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана[3]. Орынбор кеңестік автономиялық мемлекеттің астанасы ретінде қазақ елінің үлкен үміт артқан алғашқы бас қаласы болса, Түркістан-Сібір темір жолының іске қосылуы Қызылорда қаласына астана статусын сыйлады. Кейіннен Алатаудың етегіндегі Алматы қаласы ұзақ жылдар бойы ел кіндігіне айналса, ал бүгінгі елордамыз, Астана - тәуелсіздігіміздің нышанына айналған қара шаңырағымыз.

Бұл қалалардың атауларының шығу тегі олардың тарихы секілді тереңге тамыр тартқан. Әр уақытта орын алған саяси өзгерістер қалалардың атауларына өз ықпалын тигізгені сөзсіз, осы факторлардың әсерінен қалалардың топонимикасы құбылып отырған. Бұл жазба жұмысы алаш халқы үшін елорда қызметін атқарған қалалардың топонимикасына шолу жасап, олардың атауларына әсер еткен ықпалдарды анықтайды.Елорда титулына ие болған қалалардың есімдеріне диахронды шолу жасайтын болсақ, патшалық отарлық саясаттың іздерін, коммунистік идеалогияның ықпалын және де тәуелсіз елдің ел болуға деген нышандарын көруге болады.

XX-шы ғасырдың бірінші ширегінде алты алаштың шаңырағы бірнеше қалаларда көтеріледі. Қазан төңкерісінен кейін, қазақ даласының тарихында жаңа кезең басталып, 1920 жылы 26 тамызда еліміз “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасы” ретінде коммунизмді қарсы алды. Соған орай сол жылы РКФСР БРОАК-тің жарлығымен автомияның орталығы ретінде шалғайда жатқан Орынбор қаласы тағайындалды [4].

Орынбор қаласының атауына үңілетін болсақ, бұл есімнің түпкі тамыры қазақ тілінен бастау алғандығы туралы мәлеметтер бар. 1735 жылы Ор және Жайық өзендерінің тоғысқан алқабында Орынбор бекінісінің негізі тұрғызылды, алайда 1743 жылы географиялық қолайсыздығының салдарынан Сақмары өзенінің Жайыққа құйяр тұсына өзінің алғашқы “Оренбург” атауын сақтап көшірілді [5]. Ресей деректерінде бұл атаудың морфологиясының “Орь” қазақтың “ор” және “бург” немістің “қамал, бекініс” деген екі сөздің қосылуынан құралған деседе[6]. Ал басқа деректерге сүйенсек, Орынбор немістің “Орен” - “құлақ” және “бург” - “қамал сөздерінің бірігуінің салдарынан шығып, ал жалпы мағынасы бұл бекіністің Азиядағы барлық тірлікті «тыңдап, барлау» деседі [5]. Сол жылдардағы Патшалық Ресейдің Орта Азияға басталғалы тұрған экспансиясын ескерсек, соңғы тұжырымның орынды екендігі туралы ой туюге болар еді. Алайда қазіргі Орынбор және Омбы облыстарының териториясында қазақтардың көші-қон жайлаулары болғандығын ескере отырып, Ор өзенінің атауының шыгу тегі қазақтың ор, сай мағынасын білдіретін “ор” сөзінен шыққандығы туралы тұжырымға келуге болады. Бұл тұжырымның дәлелі ретінде 1735 жыл қаланың алғашқы іргетасы қаланған тұста үлен ордың болғандығын келтіруге болады[6]. Бұл сайдың үлкендігі соншалық, әр көктем сайын су бұл сайды аузы-мұрнынан толтырып қала тіршілігін қиындатқан деседі. Кейіннен бұл себептің салдарынан қала іргетасы Сақмары өзенінің Жайықпен кездесер тұсына көшірілді [5]. Қалай десек те бұл қала атауы 1938-ші жылға дейін өзгермей, қысқа мерзімге де болсын қазақ елінің астаналарының біріне айналып, алаш орда боздақтарының съездік орталықтарының біріне айналды.

XX-шы ғасырдың басында қалың қазақтың басым бөлігі ауылдық жерлерде мекен етіп, Қазан төңкерісінің орын алғанына қарамастан, әлі де ауылдық өңірлерде патшалық кезеңдегі патриархалды-феодалдық қатынастардың эллементтері сақталып отырды [2]. Бейқам жатқан қазақ елі шалғайдағы Орынборда орналасқан жаңа өкіметтің жарылқауынан тыс қалып жатты, сондықтан елорданы қалың қазақтың арасына көшіру қажиеттілігі туындады. Сол қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында аянбай еңбек еткен кеңестік еліміздің ІІ-ші хатшысы С.Қожанов жаңа елорданы тандау барысында келесі критерийлерді ұсынды: қазақ кіндігінің қалың қазақтың ортасында болуы; ыңғайлы логистикалық тораптардың болуы; елорданың қазақ даласының ортасында орналасуы [4]. Түркісіб темір жолының пайдалануға берілуі және Ақмешіт ауданындағы қара қазақтың санының молшылығы елорданың 1925-ші жылдың сәуір айында Ақмешіт қаласына ауысуына ықпал етті.

Ал енді қазіргі Қызылорда (Ақмешіт) қаласы тарих беттірінде бірнеше атауға ие болды. Алты алашқа елорда болған Сырдың бойындағы Қызылорданың 200 жылдық тарихы бар. 19-шы ғасырдың ортасында Сырдарияның жоғары ағысында Қоқан билеушілірінің әмірі жүріп тұрған, олар өңірдегі ықпалдарын күшейту мақсатында Ақмешіт, Жаңақорған секілді бекіністердің негізін қалаған [7].А.И. Добромысловтың пайымдауынша қаланың алғашқы іргетасы 1818 жылы Қоқан ханы Омарханның жарлығымен салынған [7]. Қаланың алғашқы тарихи атауы бекіністе орналасқан ақ кірпіштен тұрғызылған мешітке негізделген [8]. Қаланың атауы жергілікті тұрғындардың сол кездегі діни ұстанымдары туралы хабар беріп және бұл ұстанымдардың жергілікті топонимикаға әсерін көрсетеді. Ақмешіт қаласы тоғыз жолдың торабында орналасып, Орта Азияға, әсерессе Түркістан өлкесіне енуге тиімді стратегиялық плацдарм ретінде құндылығы болатын. Соны ұйғара білген Ресей патшалығы 1853 жылы генерал-губернатор В.Перовский бастаған әскерімен қаладағы Қоқан үстемдігін аяқтайды, қала есімі қолбасшының құрметіне “Перовскіге” өзгертіледі [8]. Қала атауының Ресейлік тұлғаның құрметіне өзгертілуі тек Ақмешітпен шектелмеді, осындай тенденция Патшалық Ресейдің экспансиясына ұшыраған барлық өңірлерде кең етек алды. Олардың мысалы ретінде Павлодар, Петропавл қалаларын келтіруге болады, бұл қалалар атауларында Патшалық Ресейдің іздері қазіргі таңдада көзге ілінеді. Кейіннен Қазан төңкерісі қала атауының алғашқы нұсқасына оралуына ықпал етті [4]. 1925 жылы бүкіл қазақтық V кеңестер съезінде қаулылардың векторы ұлттық мүлделерді күшейтуге бағытталды. Осы құрылтайда жоғарыда айтылған С.Қожановтың ұсынысымен Ақмешіт атауы “Қызылордаға” өзгертілді[4]. Бұл атаудың мағынасына тоқталатын болсақ, “қызыл” коммунимзнің түсін білдірсе, ал «орда» сөзі мемлекеттіліктің орталығын білдіреді, ал жалпы мағынасы - кеңестік Қазақстанның коммунистерінің бас ордасы [4]. Қызылорда қазіргі атауын алмас бұрын көптеген тарихи оқиғаларды бастан көшіріп, ол - XX-шы ғасырдағы алғашқы ұлт зиялыларының ұлттық Республика құрудағы қадамдарының бірі.

XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында Кеңес үкіметі өз күшіне ене бастайды. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы үдеріске түсіп, Кеңестік тирандық жазалау жүйесі іске қосылады. Бірнеше рет болған ашаршылық, саяси қуғын сүргін және жаппай ұжымдастыру қазақ халқы үшін “тұшынбай тағдыр уынтатқан” қасіретті кезеңдердің біріне айналды. Ұлт зиялыларының өмірі “тар жол, тайғақ кешуге” айналып, репрессиялардың салдарынан ұлт мүддесін қорғайтын қазақтың зор ұлдарының саны азайды. Тілсіз қалған алаш елі Голощекиннің ел астанасын Алматыға көшіруге деген ұсынысына қарсылық білдіре алмады, ал 1929 жылы Алматы қаласы алаш халқы үшін өзге ұлттың шаһары болатын [4].

XX-шы ғасырдағы “Алматы” атауы бұл қаланың көне атауымен тікелей байланысты, сол себепті алдымен тарихты бойлап, бұл атаудың шығу болмасын нақтылап алған абзал. Жазба деректердің мәлеметтеріне сүйенетін болсақ, алғашқы деректер ортағасырлық жазба жұмыстарында кездеседі. XVI-шы ғасырдың ортасында қоғам қайраткері Захириддин Мухаммед Бабырдың жұмыстарында XIV-ші ғасырдағы Ферғананың cолтүстік шекарасын айқындаған кезде, шамамен қазіргі Алматы қаласының орнында Алмату қаласының болғандығы туралы бірнеше рет айтылады[7]. Бабырдың замандасы Хайдар Дулатидің “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде Алмату қаласының XIV-ші ғасырдың екінші жартысында Ферғана билеушісі Әмір Темір мен Мағолстан әмірі Қамараддиннің арасындағы ұрыс аландарының біріне айналғандығы туралы деректер бар [9]. Келесі деректердің легі нумизнатика саласынан келеді. Қазба жұмыстарының барысында қазіргі Алматы қаласының төңірігінде араб қаріптерімен “Алмату” деп жазылған тиындар табылды, ал кейіннен Алматы қаласының орнында XIII-шы ғасырда ақша сарайының табылуы Алмату қаласының XIII-шы ғасырдың өзінде ақ болғандығын растайды [7]. Ал енді “Алмату” атауының шығу тамырана тоқталсақ, белгілі топонимика саласының майталмандары Ғ. Қоңқашбаев пен А.Әбдірахмановтардың пайымдауынша қала атауының лексикалық мағынасы алма жемісімен байланысты, алмалы жер немесе алмаға толы жер дегенді білдіреді [9]. Ал келесі лингвсит ғалым Е. Қойшыбаевтың ойынша қазіргы “-ты” лексемасы түркі тілдерінің тау сөзін білдіретін “-ту” элементінің баламасы, ал жалпы мағынасы алмалы тау деп жорыйды [10]. Қалай десек те, “Алмату” атауының шығу тегінің алма жемісімен байланыстылығын дәлелдейтін айғақтардың бірі ботаника саласынының зерртеу нәтижелерінен шығады, ғалымдардың зерттеулері бойынша әлемде таралған алма жемісінің барлық сорттары Қазақстанның оңтүстік таулы аймақтарында өскен “Силверс” алма ағашынан тараған деген қортындыға келді [11]. Сонымен Алматы өңірінің алмалы молшылығын ескере отырып, шаһар атауының бұл жеміспен тікелей байланыстылығы туралы қортындыға келуге болады.

Алматы қаласының атауының арғы шығу тегін анықтасақта, қала атауы мүлдем өзгеше болып өзгеруіне ықпал еткен факторлар баршылық. XVI-шы ғасырдың басында Ұлы географилық ашулар мен әлемдік мұхит аралық қатынастардың орнауы Ұлы Жібек жолының құлдырауына алып келді [12]. Бұл жағдаят Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан Алмату қаласына да өз реңін түсірді. Алайда, 1854 жылы Ұлы жүз приставы М.Д.Перемышельскийдің қазіргі Алматының тұсында “Верный” деп аталатын бекіністі салуы шаһар өміріне жаңа дем берді. Көне Алмату қонысының үстіне салынған жаңа бекініс Орта Азияны әрі қарай экспансиялайтын және өңірде патшалық мүдделерді қорғайтын тірек ретінде салынды. Бекіністің топонимикалық мағынасын М.Д.Перемышельскийдің келесі дәйек сөздері толықтай ашады: “Здесь будет построено укрпеление, верное помыслам нашего Государя Императора, верный оплот славного оружия русского в Заилийском крае” [12]. Бекініс өңірдің экономикалық өркендеуіне септігін тигізіп, Ресейдің орталық аудандарындағы өзге ұлт өкілдерінің қазақ жерінде қоныс тепкен тұрағына айналды, солардың ішінде кейіннен қала зиялыларының пайда боуына әсер еткен П. П. Семенов Тяньшанский, Н. М. Пржевальский, И. А.Северцев [11]. Дегенмен 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары қалың қазақ үшін Верный бекінісі қазақтың төл жерінде келімсекке лық толы көп ұлтты телмірген үй секілденді [4]. 1921 жылы қала атауы көне атауының баламасы ретінде “Алма-Атаға” өзегрітіліп, 1929 жылы ресми түрде астана титулына ие болып, осы атауымен кеңестік Қазақстанның ұзақ жылдар бойы орталығына айналды. Бұл атаудың этимологиясына тоқталсақ, көне атауына арқау болған “алма” сөзімен қазақтың “ата” cөзінің қосарлануы алма тұқымдарының таралуының басында тұрған мекен деген мағынанасында деседі [9]. Кейіннен азаттықтың ақ таңын қарсы алған алаш жұрты 1993 жылы елорданың көне атауын жаңғыртып, шаһар “Алматы” атауын иемденеді. Жоғарыда айтылған лингвсит ғалым Е. Қойшыбаевтың қазіргы “-ты” лексемасы түркі тілдерінің тау сөзін білдіретін “-ту” элементінің баламасы деген ойын ескере отырып [10], “Алматы” есімі көне “Алмату” атауының жаңғырған түрі десе болады. Сонымен қазіргі Алматы қаласының атауы әр дайым алма жемісімен жақын болып, уақытша ұмытылса да, қайта жаңғырып отырған.

Кеңестік дәуірдің алғашқы жартынсында Қазақстанның қалаларындағы қара қазақтың жалпы саны тым аз болатын, бұл жағдай тек 1970-ші жылдардың орта тұсында оңала бастап, қалалардағы қазақтардың үлес саны өсе бастады [4]. Осындай қалалардың бірі саналатын өзге ұлт өкілдері басым Алматы қаласында тек 1986-шы жылы ұлттық мәселелер қозғалып барып, егемендіктің сағаты соғылғаннан кейін қана өз шешімін тапты.

Ал енді еліміздің тәуелсіз тарихыныа қайта оралсақ, астанамыздың көшірулінің бірнеше алғышарттары болдыБіріншіден, азаттықтың алғашқы жылдарында саяси және экономикалық тоқырау мәселесін шешу жағдайында қоғамға үлкен сілкініс, түбегейлі бетбұрыс керек болды. Әлемдік тәжірбиеге үңілетін болсақ, елорданың ауысуы көптеген елдерге жаңа дем берген. Мысалы, XVIII-ші ғасырдың басында Ресей астанасының ескілік пен соқыр сенім жайлаған патриархалды Мәскеуден мидай батпақ Петерборға ауыстырылуы елдің ескілікпен қош айтысып, реформаларға қарай жасалған қадамдарының бірі еді [13]. Соның арқасында патшалық Ресей Еуропалық дамуға бағытталып, әлемдік империя құрудағы алғыщарттардың бірін орындады. Ал XX-шы ғасырдың басында Осман Империясы бірнеше саяси сәтсіздіктерге ұшырап, қандастарымыздың шаңырағы шайқалған кез болатын. Алайда, ел астанасының монархиялық биліктің нышаны болған Ыстамбұлдан Анкараға көшірлуі республикалық Түркияға жаңа өмір берді [14]. Сан ғасырлық өмір көшінде тағдырмен арпалыста “мың өліп, мың тірілген” әбден қажыған қазақ халқының санасына тәуелсіздікті толықтай бекіту үшін белгілі бір нышанның кажеттілігі туындады. 1997 жылдан бастап сол нышанның рөлін жаңа Астанамыз толықтай өз мойына алады. Екіншіден, жаңа елордамыздың қасиетті Арқаның үстінде бой көтерілуі жайдан жай емес, бұл идеаны дуалы ауыз бабаларымыз аманат етіп өсиет еткен. Қазақтың зор ұлдарының бірі Ә.Бөкейханов, Алаштың ортасы – Қараөткел десе [15], тұңғыш елбасымыздың «Еуразия жүрегінде» атты еңбегіне сүйенсек, Қ.Сәтбаевтың кеңестік Қазақстанның ел кіндігін Қарағанды немесе Целиноградқа жылжытуды ұсынған [16].

Тарих беттерін саралап, 19-шы ғасырдың басына қайта оралсақ, 1830 жылы патшалық Ресейдің алаш жеріндегі ықпалын одан әрі арттыру үшін подполковник Ф.Шубиннің жасағыЕсіл мен Нұраның арасындағы Тайтөбе деген жерден “Ақмола” бекінісінің құрылысын бастайды [17]. Алайда, белгісіз бір себептермен қаланың іргетасы Есілдің оң жағалауындағы қазіргі елорданың орнындағы Қараөткел деген жерге өз атауын сақтап көшіріледі. Ал Ақмола атауының шығу тегіне келетін болсақ, бұл атаудың Абылай ханның тұсында өмір сүрген Нияз бидің мазарымен байланыстыратын пікірлер бар. Бұл ойдың жақтаушылары Нияз бидің моласының Ақмоланың алғашқы іргетасы қаланған Тайтөбе жерінде екендігін келтіреді [18]. Ал бұл моланың басындағы мазардың ақ кірпіштен тұрғызылуы “Aқмола” cөзіндегі алғашқы “ақ” түбірінің болмысын ашады [18]. Кейіннен бұл атаудың орысша баламасы “Акмолинск” 1962 жылға дейін сақталды. Сан ғасырлар бойы түркі халықтарын бауырына басқан қазақтың қасиетті Арқасының аграрлық мүмкіншіліктері XX-шы ғасырдың ортасында анықталып, бүкіл кеңестік мемлекеттерді аграрлық өнімдермен қамтамасыз ете бастайды. 1962 жылы тікелей Н.Хрушевтің жарлығымыен қала атауы “Целиноградқа” өзгертіліп, солтүстік Қазақстан далаларын игеруге келген барша тың игерушілердің орталығына айналды [19]. Қала атауының морфологиясында келесі элементтер жатыр: “целина” -орыс тілінен “тың”; “град”- славян тілдерінен “қала” [19].Бұл атау 1992-ші жылға дейін сақталып, Қазақстанның жаңа егемен жолында шаһар өз тарихи атауына қайта ие болып, ал жаңа миилениумді жаңа Астана ретінде қарсы алды.

Жаңа елордамыз – Астана. Ел кіндігінің есімі парсы тілінен енген кірме сөз. Парсы тілінің танымыл «Фарханг-и фарси» атты түсіндірме сөздігіне сүйенген Ирандық белгілі зерттеуші Мохаммад Моинның астана сөзінің мағынасы “үйдің табалдырығы”, “алдыңғы бөлмесі”, “киелі мекен” және “хан сарайы” деп түсіндіреді [20]. Табалдырықтыңтүркілердің ырымында қасетті екендігін ескерек отырып, қазақтардың арасында астана сөзінің алғашқы мағынасы сәл өзгеріп, ол барша қазақ халқының қасиетті мекені, табалдырығыдеген ұғымға ие болды деп пайымдауға болады. Ендеше “астана” сөзі парсы тілінен “қасиетті мекен” мағынасмен еніп [20], кейіннен бұл сөз қазақтардың арасында мемлекет орталығы деген мағынаға ие болған. “Астана” cөзінің кірме элемент екендігіне қарамастан, тілімізге сіңісіп кеткені соншалық, халық арасы бұл сөздің кірме сөздердің арасына жатқызбасы анық. Қалай жорысақ та, қазіргі Астана- егемендіктің сағаты соғылмастан бұрын ел мүддесін қорғаған бабаларымызыдың асқақ арманы, алғашқы рет ел боламын деген алаш боздақтарының кешігіп болсын орындалған үміті. Астана – ғасырлар бойы қазаққа алшақ болған тәуелсіздіктің “төлқұжаты”.

Қорытынды

Тәуелсіздіктің көк туы аспанға көтерілгені алаш жұртының тек қазіргі күнін қана білуімен шектелмей, сонымен қатар өткенге де назар аударып, өзінің тарихи беттерін қайта қарап, көнеден қалған мұрасын жаңғыртуға деген қадамдары тарих ғылымында жаңа зерттеу бағыттарының легін ашқаны даусыз. Егемендіктің арқасында еліміздің тарих саласы жаңа дем алып, салқын саясаттың салдарынан ұзақ уақыт бойы “қолайсыз” болып есептелген тарихымыздың парақтары жаңа көзқарасты талап етуде, сол бір ықпалды тақырыптарымыздың бірі-қалалар тарихы. Қазіргі таңда көптеген тарих ғылымының майталмандары қазақ даласының индустриалды, саяси және мәдени дамуында маңызды рөл атқарған XX-шы ғасырдағы қазақ астаналарының тарихын қайта зерттеуге деген қызығушылықтарын танытуда. Қарқынды өзгерістерге толы болған XX-шы ғасыр қазақ халқы үшін де өзгерістердің кезеңіне айналды. Бір ғана ғасырдай уақыт ішінде төрт бірдей қаламыз әр-түрлі саяси факторлердің ықпалымен елорда статусына ие болып үлгерді. Бұл орын алған тарихи оқиғалар бұл қалалардың топономикасына да өз ықпалын тигізді. Орынбор қаласы алғашқы атауы қазақ тілінен еңген географиядық “ор” cөзінен туындаса, ал Қызылорда қаласының атауы коммунисттік идеалогиямен ұштасқандығын көруімізге болады. Алматы қаласының атауының шығу тамырлары тереңге батқандығын анықтаған болатынбыз, әр уақытта бұл қаланың атауы алма жемісімен байланысты болған. Тәуелсіздіктің нышаны болған елордамыз Астана атауын алмас бұрын, бірнеше атауға ие болды. Бұл жазба жұмысы XX-шы ғасырда болған астаналардың ауысуына ықпал еткен маңызды оқиғарларға қысқаша шолу жасап, ал жалпы олардың атауларының шығу тегтеріне баса назар аударды. Қортындылай келе келесі нәтижелердің легінала аламыз. Біріншіден, жалпы аталған қалалардың алғашқы атаулары (Орынбор, Ақмешіт, Алмату, Ақмола) қазақ лингвистикалық қорынан шыққан.Екіншіден,бұл жұмыс диахронды шолудың нәтижелеріне сүйене отырып, бұл қалалардың есімдерінің өзгеруінепатшалық отарлық саясат, коммунистік идеалогия жәнетәуелсіздің ұлттық саясаты ықпал етті деп қортындылайды. Үшіншіден, қала атаулараның жоғарыда келтірілген ықпалдардың салдарынан өзгертілуі (Перовск, Верный, Целиноград) уақытша құбылыс екендігін айта кетіп, топонимикалық атаулардың алғашқы атауларының (Алматы, Ақмола) жаңғырғанына туралы қортындыға келуге болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Б. Абжаппарова, "ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ӘЛЕМ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ", Хабаршы, № 2(44), 77-80 б., 2013.

2. А. Журасова, Орал қаласының тарихы: әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы (1946-2011 жж.). Орал: БҚМУ баспа орталығы, 2018.

3. Л. Кожакеева, "ПРОМЫШЛЕННОЕ РАЗВИТИЕ МАЛЫХ ГОРОДОВ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ", Вестник, № 2(44), 43 б., 2013.

4. М. Рустамбекова and А. Әбікей, "AСТАНА МЕМЛЕКЕТТІЛІГІМІЗДІҢ НЫШАНЫ", Хабаршы, № 2(57), 40-42 б., 2018.

5. Oren1.ru, "Почему Оренбург называется Оренбург ", Oren1.ru, 2018. http://oren1.ru/paper/details/pochemu-orenburg-nazyvaetsja-orenburg.html.

6. Baq.kz, "Қазақтың астаналары", Baq.kz, 2018. https://baq.kz/kk/blog/256/blog-256-7306.

7. А. Шығай, Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2005, ISBN 9965-26-095-8

8. E-history.kz, "Қамысқаладан Қызылордаға дейін • Жарияланымдар • «Қазақстан тарихы» порталы", E-history.kz, 2018. http://e-history.kz/kz/publications/view/3347.

9. Ж. Адаев and А. Кайдаров, Жетісу. Алматы: Арыс баспасы, 2004.

10. Т. Жанұзақ, Тарихи жер-су аттарының түптөркіні. Алматы: Сөздік словарь, 2010.

11. Йорик, "Казахстан признали родиной яблок", Йорик, 2018. https://yorick.kz/kazahstan-priznali-rodinoj-yablok/.

12. Silk road adventures, "Основание города Верный.", Silkadv.com, 2018. http://silkadv.com/ru/node/4448.

13. История.рф, "Петр I", histrf.ru, 2018. https://histrf.ru/lichnosti/biografii/p/pietr-i.

14. Trt.net.tr, "Түркия Республикасы 95 жаста | TRT Қазақша", Trt.net.tr, 2018. http://www.trt.net.tr/kazakh/bag-darlamalar/2018/10/29/turkiia-riespublikasy-95-zhasta-1077536.

15. А. Сайлауқызы, "АЛАШ ИДЕЯСЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІ ЕКЕНДІГІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ АЛҒЫШАРТТАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ", Вестник, vol. 1, no. 56, pp. 79-82, 2018.

16. Н. Назарбаев, ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ. Алматы: Жібек жол, 2010.

17. Ө. Озғанбаев, "ТАРИХ ТҰНҒАН ТАЙТӨБЕ", Астана Ақшамы, 2018http://www.astana-akshamy.kz/tarih-tunghan-tajtobe/.

18. Atazholy.kz, "Нияз би Тілеуліұлы", Atazholy.kz, 2018. https://atazholy.kz/2010/02/niyaz-bi/.

19. Г. Алпыспаева and Ш. Саяхимова, "ПОВСЕДНЕВНАЯ ЖИЗНЬ ПЕРВОЦЕЛИННИКОВ СЕВЕРНЫХ РЕГИОНОВ КАЗАХСТАНА В 1950-1960-е ГОДЫ", Вестник, vol. 1, no. 56, pp. 9-15, 2018

20. А. Боранбаева, "АСТАНА – ПАРСЫША АҚМОЛА", Abai.kz, 2018. Available: https://abai.kz/public/post/49374.

Комментарии (0)
Оставить комментарий