«Ана тілі» мобильдік қосымшасы таныстырылды

21.12.2018

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Ана тілі» орталығында қазақ тілін үйретуге арналған латын әліпбиіндегі мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті. Аталмыш шарада бірнеше тілдік жобалардың авторы Ш.Кинжикова қосымшадағы бөлімдермен таныстырды.

Мобильді қосымша қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, қолданушылардың IT-білімдерін қалыптасыру мақсатында жасалған. Латын қаріпінде жазып үйренуге бағытталған қосымша «Флеш-тренинг», «Ayдио-storis», «Мақал-мәтелдер», «Тілектер», «Нақыл сөздер» және т.б. функцияларды қамтып отыр.

Қосымшаны Play Market немесе App Store-дан жүктеуге болады. Жүктеу құны 2 мың теңге. Сонымен қатар барлық жаңартулар мен техникалық қолдау тегін көрсетіледі.

Таныстыру рәсіміне мемлекеттік қызметшілер, мекеме мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Комментарии (0)
Оставить комментарий