Инновациялық технология қазақ тілін үйретеді

19.02.2019

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» IT-тұсаукесер рәсімін өткізді.

Жаңа IT жобалардың ресми тұсаукесері Astana Hub халықаралық технопарк алаңында ҚР Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, жазушылар, тіл мамандары мен әдіскерлері, IT қауымдастығының жетекші мамандарының қатысуымен өтті.

Таныстырылым барысында ҚР МСМ Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы латын негізді қазақ әліпбиін үйретуге бағытталған заманауи инновациялық технологиялар ұсынды. Қонақтар мен қатысушыларға веб-порталдар мен платформалар, мобильді қосымшалар, іздестіру жүйелері, сондай-ақ анимациялық фильмдер, энциклопедиялық, танымдық, әдістемелік және анықтамалық веб-сервистер таныстырылды.

Тіл пайдаланушыларға «Qazlatyn.kz» ұлттық порталы латын графикасына көшу кезеңдері барлық мәліметтер мен ақпараттарды ұсынады.

Порталдағы қазақ әліпбиінің емле ережесі бойынша дайындалғанкөпфункционалды конвертер мәтінді кириллден латынға, төте жазуға және керісінше аудару қызметтерін атқарады.

Сондай-ақ, машиналық оқыту негізіндемемлекеттік тілді үйретуге арналған «Tilqural.kz» веб-сервисі және қазақ тіліндегі 300 мыңнан астам сөздердің сипаттамасын көрсететін электронды «Sozdikqor.kz» іздеу жүйесі ғаламтор кеңістігіне қосылды. Тұсаукесерге қатысушылар жаңа инновациялық технологиялық жетістіктердің тіл үйренудегі жаңашылдығына тәнті болды

3D форматта әзірленген «IQdos» мультфильмі мен латынәліпбиінде титр жасалып, дубляждалған «Селтең сері» анимациялық фильмі балаларға жаңа қазақ әліпбиін жылдам үйренуге мүмкіндік береді.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның тұлғалық энциклопедиясының тұсауы кесілді.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий