«Латынша үйренейік» акциясы

11.03.2019

Павлодар облысының тілдерді дамтыу жөніндегі басқармасы ағымдағы жылда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттау бойынша 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 5 наурызда Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында «Латынша үйренейік» акциясын ұйымдастырды.

Шара қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аударту, жаңа әліпбиге бейімделуді және латын әліпбиінде жазу сауаттылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Акция барысында оқушылардан сұхбаттар алынып, ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды, сонымен қатар латын қаріптері жазылған парақшалар таратылды. Мектептердің ұстаздарына қажетті оқулық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Комментарии (0)
Оставить комментарий