ТІЛ - ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРҚАУЫ

11.04.2019

Бүгін көршілес Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Орынбор қаласында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «ТІЛ - ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРҚАУЫ» атты халықаралық іс тәжірибелік оқу-әдістемелік кездесуі өтті. 

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан және Ресейде 2011-2020 жылдарға арналған қазақ және орыс тілдерін қолдану мен  дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қазақ және орыс тілдерін үйрену үдерісінде үйренушілермен оқу-әдістеме жұмыстарының тың әдістерін іздеу және апробациялау, қазақ және орыс тілі оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан және Ресей ғылыми-педагогикалық қоғамдастығы ынтымақтастығын ары қарай дамыту әрі нығайту, Қазақстан және Ресей ұлттық диаспора өкілдерінің мәдени байланыстарын нығайту.

Кездесуге Оренбург облысының Білім министрлігі министрінің м.а.  Сафонова Галина Ивановна,  Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің бірінші проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Матвиевская Елена Геннадьевна, Орынбор облысының Мәдениет және сыртқы байланыс халықаралық ынтымақтастығы басқармасы басшысы, министр орынбасары Калинин Александр Евгеньевич, Орынбор халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігі басшысы, Орынбор облысының «Халықтар достастығы үйі» қоғамдық  ұйымы төрайымы Таикешева Сауле Совхозовна, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының  бөлім басшысы Жанасова Маржан Алғабекқызы, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры Серғазина Клара Хакімғалиқызы және өзге де белді тұлғалар мен оқытушы ғалымдар қатысты.

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту оралығының әдіскерлері мен оқытушылары қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған қазақ тілінен ашық сабақтар, лингвистикалық тренинг, викториналық ойындар жүргізеді.

Қазақ, орыс тілдері және әдебиеті оқу-әдістемелік құралдар көрмесі (оқу-әдістемелік құралдар, балалар журналы, триклеттер, таратпа материалдар, т.б.), «Бірге оқимыз» жобасының фотокөрмесі ұйымдастырылады.

Бұл игі бастама Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдан бастап  өткізіліп келеді. Тілдерді оқыту орталығы Ресейдегі қандастарымыздың қазақ тілін үйренуіне алғышарт ретінде Ресейде көп қолданылатын «Вконтакте» әлеуметтік  желісінде парақша ашып, тіл үйрету сабақтары мен тапсырмаларды жариялап отырады.

Алдағы уақыттағы басты міндеттердің бірі осы рухани байланысты нығайту болмақ.

 

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий