Алматыда кезекті семинар өтеді

29.05.2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының «Жаңа әліпби негізіндегі емле және пунктуациялық ережелер мәселелері» тақырыбындағы кезекті семинарын өткізеді.

 

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 31 мамыр

Іс-шараның басталуы:  10.00 сағ.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 14, ҚР Ұлттық кітапханасы

Семинардың мақсаты: Жаңа әліпби негізінде жасалған емле мен пунктуациялық ережелер жобасының заңдылықтарын талдау және пысықтау.

Қатысушылар: ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, ҚР Үкіметі жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшелері, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалым-сарапшы мамандары, ЖОО-ның оқытушы ғалымдары.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71-38, 8 775 849 56 57, 8 707 683 7541

Комментарии (0)
Оставить комментарий