«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» республикалық шарасы аясындағы дәріс және семинар

11.06.2019

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп  ағымдағы  жылдың 11-12 маусым күндері   Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалық  шара латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс-семинар ұйымдастыруда.

Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін  түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор.

Дәріс-семинар мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,  емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.  

Тыңдаушыларға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы,  графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы,  қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде  мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады. Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен  әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.

Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздары, мекеме қызметкерлері, БАҚ қатысты.

Комментарии (0)
Оставить комментарий