Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай» көркем фильмі түсіріледі
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Шаралар халықаралық деңгейде өткізіледі. Ақынның шығармалары әлем тілдеріне аударылып, жарыққа шығады. Сондай-ақ «Абай» көркем фильмі түсірілмек. Осылайша, ақынның мерейтойын тойлау халықтың рухани адамгершілігінің дамуына бағытталған ауқымды оқиға болмақ.
МҰРАТ ӘУЕЗОВ, ЖАЗУШЫ:
- Абай гуманизм, адамгершілік сынды асқан құндылықты сақтауға, сол заманда қазақ халқын пессимизм сезімінен, шарасыздықтан арылтуға тырысып бақты. XVIII ғасырдағы қазақ ақындарын «Зар заман» ақындары деп атайды, олар ел басына күн туатынын білген. Абай да осыны сезді, бірақ ол одан құтылудың жолдарын тапты. Оның даналығы осында жатыр.
РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВ, ЖАЗУШЫ:
- Абай кітаптары бүгінде үлкен шетелдік аудармашылар аударып жатыр. Америкада біздің Абай атамызды әлем классиктерінің қатарына кіргізіп, сол жақтың бір баспасы өз ақшасына аударып шығарғалы жатыр.
САУЫТБЕК ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
- Атқарылатын істердің сыртында ең үлкені бұл – біздің өз ішімізде, өз жүрегімізде атқарылу керек деп санаймын.