Ұлы Абайдың өлеңдері қырғыз тіліне аударылды
Ұлы Абайдың өлеңдері қырғыз тіліне аударылды. Кітаптың жарыққа шығуына бірнеше автор атсалысқан. Солардың бірі – Перизат Алмазқызы. Оның айтуынша, Абай өлеңдерімен жұмыс істеу өте қызық болған. Сөздерін ұғу оңай, өлең ұйқасы да жақсы үндескен. Тез жатталады. Әрі есте қалады. Ұлы ақынның өлеңдерін оқи отырып, көз алдыңа жеке-жеке картиналар түзіледі. Осының бәрі философиялық мағынасы бар туындыға үйлесіп, болмыстың мәніне ой түйгізеді,- дейді ол.
ПЕРИЗАТ АЛМАЗ, ҚЫЗЫ КІТАП АВТОРЫ:
- Белгілі қырғыз ақыны Аалы Токомбаев XX ғасырдың бірінші жартысында Абай Құнанбайұлының ең әйгілі өлеңдерін аударған болатын. Ал біз болсақ, өз кітабымызда кең қауым біле қоймайтын өлеңдер мен әндерді жинауды шештік. Сонымен қатар Абайдың өлеңдерін аудара отырып, қалың жұртшылыққа, оқырмандарға авторлық ойын жеткізу үшін шығармаларының бастапқы мағынасын сақтауға тырыстық. Абай шығармашылығының өзіндік ерекшелігі бар. Аудармашылардың әрқайсысы данышпан ақынымыздың философиясын тереңінен аша білгені байқалады. Дереккөзі бір болғанымен, әр автордың көркем түрде жеткізуде өз ерекшеліктері болады. Бұл оқырмандардың рухани дүниесін байытып, ұлы ағартушымыздың дүниетанымын кеңінен ашуға мүмкіндік береді. ПЕРИЗАТ АЛМАЗ, ҚЫЗЫ КІТАП АВТОРЫ:
- Абаймен жақынырақ танысу үшін бір жылдан аса уақытымыз кетті. Оның өмірге және айналасында болып жатқан оқиғаларға көзқарасын, туыстарымен қарым-қатынастарын түсінуге тырысып бақтық. Жалпы оның шығармашылық өмірін не толықтырғанын зерттедік. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабын мұқият оқып шықтық. Біздің ойымызша, бұл ақынның ең қызық шығармаларын жинақтауға көмектесті.
Кітап әлі жарыққа шыққан жоқ. Жақын арада Абай өлеңдері жинағының тұсаукесерін өткізу көзделіп отыр. Кітап 1 мың дана тиражбен шығады деп күтіліп отыр. Белгілі болғандай, бұл кітап саудаға түспейді. Барлық данасы жергілікті университеттер мен мектептердің кітапханаларына тегін табысталмақ. Айта кетейік, зерттеу жұмысына, дерек жинауға және басып шығаруға қаражатты Қырғызстандағы елшілігіміз бөлген.