«Бірге түзетейік!» байқауы

21.08.2019

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Бірге түзетейік!» байқауын жариялайды.

Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі №401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі аясында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасын іске асыру мақсатында жүргізілуде.

Байқаудың мақсаты:

  • Көрнекі ақпараттардың мәтіндеріндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді анықтау;
  • Жарнамалардағы қателерді түзетуде қала тұрғындарының белсенділігін арттыру;
  • Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында сауатты қолданылуын қамтамасыз ету.

Байқаудың талаптары:

  • Фотосуреттер (телефон, фотоаппаратқа түсірілген сурет);
  • Қате анықталған жарнамада нысанның атауы мен мекенжайы көрсетілуі керек.

Байқауға әрбір азамат қатыса алады. Қателері бар жарнамалар фотосуретке түсіріліп, 2019 жылдың 1 қарашасына дейін мекеменің saraptama@tilqazyna.kz электрондық поштасына немесе 8 708 738 87 67 ватсап нөміріне жолдануы тиіс. Сондай-ақ, түсірілген фотосуреттерді инстаграм парақшасына #Til-Qazyna# хештегімен белгілеп салуға болады.

Ең көп қате мен кемшіліктерді анықтаған қатысушылар байқаудың қорытынды шарасында арнайы алғысхатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы Сығанақ көшесі 25 «Аңсар» бизнес орталығы 2-қабат.

 

Сұрақтар бойынша 8 (7172) 27-71-33, 8 707 940 70 74 нөміріне хабарласыңыз (Ақпараттық технология және сараптама басқармасы).

 

Қала - ортақ үйіміз.

 

Қатесіз қаланы біз бірге жасаймыз!

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий