«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» республикалық шарасы аясындағы дәріс және семинар

21.08.2019

   Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  ағымдағы  жылдың 28-29  тамыз күндері   Семей қаласында  «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалық  шара    латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс- семинар ұйымдастырады.

    Республика көлемінде  жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін  түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор.

  Дәріс-семинар мақсаты – латыннегізді  қазақ  әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,  емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.  

   Тыңдаушыға    қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы,  графикасы мен құрамы,  әріп-фонема арақатынасы,  қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде  мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады. Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен  әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.

  Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері, БАҚ, баспа қызметкерлері  қатысады.

    Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71- 32, 87075333873

Комментарии (0)
Оставить комментарий