Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтеді

28.08.2019

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтеді. Байқауға аймақтың кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Байқауда қатысушылар Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай прозалық шығармаларынан үзінді оқиды және поэзия жанры бойынша Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқиды.

Келіңіздер, көріңіздер, талантты жастарды бағалаңыздар, қазақ әдебиетінің жауһарларынан нәр алыңыздар!

Байқау жергілікті уақытпен сағат 10-да басталады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Комментарии (0)
Оставить комментарий