Алматыда семинар-кеңес өтті

18.09.2019

Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес (бұдан әрі – Семинар-кеңес) өткізді.

Семинар-кеңестің мақсаты мен міндеті: жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелерін ғылыми аудиторияда, көпшілік жиында талқылау, олардың шешу жолдарын қарастыру және ұсыну, тақырыпқа қатысты ғылыми жұмыстардың нәтижесімен танысу. Жаңа латын әліпбиіне біртіндеп көшу мәселелеріне тарихи шолу жасап,ғылыми тұрғыда талдау жасау және латын әліпбиін енгізудің тиімді шешу жолдарын қарастыру, кәсіби білікті мамандардың пікірлерін топтастыру, ғылыми-зерттеу мекемелері мен орталықтарының ғылыми жұмыстарын мемлекеттік тіл саясатымен өзара сабақтастыру.

Семинар-кеңеске қатысушылар: қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның және оның жұмыс топтарының мүшелері, танымал тілші ғалымдар, қазақ тілі оқытушылары, жас ғалым докторанттар мен магистранттар, мемлекеттік органдардың тіл мәселесіне жауапты мамандары, Үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері және т.б. шақырылды.

Қатысушыларға мемлекеттік тіл саясатына, тілдерді оқытуға байланысты материалдар таратылды және белгіленген үлгідегі сертификат берілді.

Комментарии (0)
Оставить комментарий