Жаңа емлені бекіту:мүдделі органдардың маңызы мен міндеттері атты семинар өтеді

27.09.2019
Өткізілетін орны: Алматы қаласы Абай даңғылы 14 ҚР Ұлттық кітапханасы
Басталуы: сағ. 10.00
 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 4 қазанында Алматы қаласында «Жаңа емлені бекіту:маңызы мен мүдделі органдардың міндеттері» атты қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың (бұдан әрі – Орфографиялық топ) отырысын өткізеді.

Семинардың мақсаты – жаңа әліпби негізінде жасалған Жаңа емле ережесін бекіту қарсаңында сараптаудан өткізіп, түзету, жетілдіру жұмыстарын жүзеге асыру және қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін бекіту алдында жазылымы даулы орфограммалардың емлесін талдау,талқылау.

Семинарға Тіл саясаты комитеті басшылары, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Орфографиялық топ мүшелері қатысады.

Семинар барысында емле ережелерінің соңғы нұсқасына енгізілген өзгертулер талқыланады. Талқылау барысында Орфографиялық топ мүшелері мен емле құрастырушы мамандар тарапынан баяндамалар жасалады.

Семинар нәтижесінің қорытындылары А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жолданады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71- 38, 87075333873

Комментарии (0)
Оставить комментарий