«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинар өтеді

01.10.2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  ағымдағы  жылдың 3  қазаны күні   Алматы қаласында  «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбындағы жаңа әліпби емелесін түсіндіру бойынша БАҚ және баспа қызметкерлеріне семинар ұйымдастырады.

Республика көлемінде  жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін насихаттауда  бұқаралық ақпарат құралдарының  маңызы өте зор.

Семинар мақсаты – латыннегізді  қазақ  әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,  емле нормаларының ғылыми негіздерін бұқаралық ақпарат  және баспа беттерінде түсіндіре алатын білікті мамандар дайындау.  

Тыңдаушыға    қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы,  графикасы мен құрамы,  қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі

Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен  әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.

Семинарға Алматы қаласындағы  БАҚ және  баспа қызметкерлері  қатысады.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий