Осман сұлтандары мен Қазақ хандары арасындағы хаттар енді қазақстандық ғалымдарға қолжетімді

02.10.2019

Осман сұлтандары мен Қазақ хандарының арасындағы хаттар еліміздің ғалымдарына қолжетімді бола түсті. Алматыда Түркия Республикасы «YERTAD» тарих және мәдениет қауымдастығының өкілдері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивіне осы құнды жазбалардың цифрлық көшірмесін табыстады. Әзірге осман тілінде жазылған хаттардың дипломатиялық қарым-қатынас, сыйлық алмасу, елші жіберу туралы екені ғана белгілі. Ал оның нақты мазмұны, саяси рөлі түркітанушылар құжатты қазақ тіліне аударған соң анықталады.
ӘСЕЛ ЛАХАЕВА, ТР «YERTAD» ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:
- Қазіргі кезде біздің қорымызда 70 мыңға жуық Түркі әлеміне байланысты сирек кітаптар мен қолжазбалардың, манускриптердің, карталардың құнды көшірмелері бар. Біздің мақсатымыз – келешекте архив және біздің қоғам аясында көптеген іс-шараларды бірге ұйымдастыру.
ГҮЛМИРА МҰХТАРОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КИНО-ФОТОҚҰЖАТТАР МЕН ДЫБЫС ЖАЗБАЛАРЫ АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- 2020 жылы қауымдастық пен біздің архив бірлесе отырып, Түркия елінің бірнеше қаласында Қазақстанның ескі қалаларының тарихы туралы және наурызға байланысты көрме ұйымдастыру және әртүрлі каталогтарды бірлесіп басу көзделіп отыр.

Комментарии (0)
Оставить комментарий