Алаш қайраткерлеріне тағзым етілді

01.11.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлылыққа тағзым» атты тарихи танымдық шара өтті. Алаш қайраткелері Сұлтанбек Қожанұлы, Хайретдин Болғанбай, Асылбек Сейіт, Телжан Шонанұлының 125 жылдығына арналған шара тұлғалар есімін ұлықтап, жас ұрпақ санасына сіңіруді көздеді.

Ұлт ағартушыларының өмірі мен жастарға өнеге болар істері бейнематериалдар мен көркемсөз, баяндама арқылы жеткізілді. Жиналған қауым шарадан ерекше әсер алып, басқосу соңында өз пікірлерін ортаға салып, білгендерімен бөлісті.

Шарада зиялы қауым өкілдері, тарих, тіл мамандарды және 5573 әскери бөлімінің сарбаздары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

Шара соңында әлеуметтік желіде жарияланған қалалық байқау жеңімпаздары марапатталды. Нұр-Сұлтан қалаларының көшелері туралы әлеуметтік желіде креативті жазба мен фото салған Інжу Қырманова, Олжас Сулейменов, Толғанай Насихатқа арнайы сый-сияпат табысталды. Ұлтымыздың мақтаныштарын таныта отырып, жастардың патриоттық сезімін оятуды білім көкжиегін кеңейтіп, «Рухани жаңғырудың» мәнін түсіндіруді мақсат еткен шара осылайша өз мәресіне жетті.

Комментарии (0)
Оставить комментарий