«Заң терминологиясын жетілдіру мәселелері» атты әдістемелік семинар

19.11.2019

2019 жылғы 22 қараша Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Заң терминологиясын жетілдіру мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинарын өткізеді.

Әдістемелік семинардың өзектілігі заңнамалық құжаттардың қоғам сұранысына сәйкес мемлекеттік тілде сауатты жазылуы, заң терминдерін жүйелеу, заңнамалық құжаттарды қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру бойынша қордаланған проблемаларды талқылап, оны шешудің жолдарын ұсынуға негізделген.

Әдістемелік семинардың мақсаты – заңнамалық құжаттардың қоғам сұранысына сәйкес мемлекеттік тілде сауатты даярлану мәселелерін талқылап, оны шешудің жолдарын ұсыну.

Аталған әдістемелік семинарда заң нормаларын, қағидалары мен ережелерін ұлттық тілдің аясында қарастыру мүмкіндігі, заңнама тілінің аударма тіл деңгейінен аса алмау себептері мен одан шығатын салдар, заңнамалық құжаттардың сапасына қатысты қордаланған мәселелер талқыланады.

Сондай-ақ семинарда Орталық атқарушы органдардағы сала мамандарына және жергілікті атқарушы органдардың терминология саласына жауапты қызметшілеріне әдістемелік жағынан қолдау көрсету көзделеді.

Іс-шараға заң саласының жетекші мамандары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, Ұлттық аударма бюросы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысады.

 

Өтетін орны мен уақыты: 22 қараша 2019 жыл, сағ. 09.30

Нұр-Сұлтан қаласы Достық көшесі, 11. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залы.

 

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-01-35, 8 (7172) 27-30-42

8-707-337-94-94; 8-701-675-26-60

Комментарии (0)
Оставить комментарий