Қанағат Жүкешевтің «Философия языка» кітабының таныстырылымы
Қазақ тілін қоғам өмірінің барлық саласында әмбебап қолданудың тың бағыттары тілтанушы, ғалым Қанағат Жүкешевтің жаңа «Философия языка» кітабында жан-жақты талқыланған. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығында зиялы қауым, тіл мамандарының қатысуымен ғалым еңбегінің таныстырылымы өтті.
Таныстырылым барысынды көптен бері қиюы келіспей жүрген маңызды мәселелер лингивистика, философия, социология, тарих, мәдениеттану, әлеуметтік психология ғылымдарының қазақ тілінің даму бағыттарын нақтылайтын талқылау өтті.
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов: «Кітаптың ішіндегі көтерілген мәселе жүз пайыз халықтың көңілінен шығуы мүмкін емес. Бірақ еңбегінде көтерілген мәселелердің біршамасына қосылуға болады. Қазақ тілі неге нормаға түспей отыр. Әр нәрсенің өмірде қалыпқа түсуі ақылмен болмайды. Ол өмірдегі пайдалану ортасына, қазақ тілі биліктің тіліне, зауыт пен фабриканың және техниканың тіліне аударылса онда бәрі орнына келеді» дей келе ойын тағы былай жалғады. «Қанағат Жүкешовтің бұл шығармасы бізге керек. Бізге серпілу, даму үшін қажет. Кейбір тұстарына қарсы бола отырып, менде жаңа ой туды. Бұл батылдық. Батылдығыңызға, ашықта тартыс тудырған өзіндік пікіріңізге рақмет. Ой салдыңыз, ойландырдыңыз. Бізді жинақылыққа шақырдыңыз»-деп ойын түйіндеді.
Ал филология ғылымдырының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Шерубай Құрманбайұлы «Ерекше бөтен пікір айтатын адамдарды құрметтеймін. Сіздің шығармашылығыңызбен таныспын. Ел айтпайтын, қайталамайтын, қиғаш келетін, кейбір атынан ат үркетін ғалымдырдың пікірімен келіспей пікір айтып серпін әкелдіңіз. Ерекше пікірді қос сөзге байланысты айттыңыз. Ал ғылым тіліне келгенде, мен сізбен келіспеймін. Ғылым тілі басқа стиль. Ол туралы алдағы уақытта айтатын боламыз»-деген қорытынды пікір айтты.