Түркияда Абайдың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
Анкарада Абайдың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды. Ұлы ақынның шығармашылығына арналған кешке түріктің белді саясаткерлері, қоғам қайраткерлері мен елде тіркелген дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. Түбі бір түркі жұртының танымал жұлдыздары мен жезтаңдай әншілері Түркия Республикасы президенттік симфониялық оркестрімен Абайдың танымал романстарын орындады.
ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Абайдың 175 жылдығына орайластырылған кеш жоғарғы деңгейде өтті. Түрік көрермені ұлы ақынның шығармаларын ерекше ықыласпен тыңдады. Абай жылына арналған шаралар тізбегі дағдылы түрде жыл бойы ұйымдастырылады.
ФАТИХ ШАХИН, КӨРЕРМЕН:
- Қазақ ақыны әрі философына арналған кешке арнайы келдік. Шығармаларын тыңдадық. Мағынасы өте әсерлі. Бір-бірімізді жақыннан тану тұрғысынан мұндай шаралардың орны бөлек. Шара қос елдің мәдениет және спорт министрліктері мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асты.