Ашық талқылау өтті
Павлодарда 14 ақпанында облыстық С. Торайғыров атындағы кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің латыннегізді қазақ тілінің әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес ашық талқылау ұйымдастырылды.
Талқылаудың мақсаты қоғамдық пікірді қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның болашағын қамтамасыз ету, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің емлелік және графикалық негіздемелерді жан-жақты қамтып нақтылай түсу, сондай-ақ әліпбиішілік реттеулер бойынша ұсыныстарды талқылау болып табылды.
Талқылауға жергілікті жоғары және арнаулы оқу орындарының филолог ғалымдары мен оқытушылары, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.
Өткізілген ашық талқылау барысында ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері тарапынан ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар Қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған республикалық жұмыс топтарының кеңейтілген отырыстарында қаралатын болады.