Абай шығармашылығы Нидерланд елінде терең зерттелуде

28.02.2020

Абай шығармашылығы Нидерланд елінде терең зерттеліп келеді. Мұхтар Әуезовтың немересі Зифа-Алуа мен жұбайы, шығыстанушы әрі лингвистика ғылымдарының докторы Роберт Эрмерс – кемеңгер ақынымыздың шығармашылығына бірнеше жылын арнады. Қазір олар Абайдың «Қара сөздерін» ағылшын және нидерланд тілдеріне тәржімалауда. Нидерланд тіліндегі «Қара сөздер» мамыр айында жарық көреді. 

РОБЕРТ ЭРМЕРС, ТҮРКІТАНУШЫ, АРАБТАНУШЫ:  

- Иә, Абай еңбектерінде бізге, жаңа ұрпаққа көп кеңес, көп сабақ бар. Алайда ең маңыздысы, Абай бізге қазақ тілінің байлығын көрсетеді. Абай тілі бай әрі кеңдігі соншалықты, меніңше, Абайды жақсы түсіну үшін қазақ тілін үйрену керек.

Нидерландтық Натан Виссер де қазақ әндеріне құмар. Қазақстанда 10 жыл бойы қазақ отбасында тұрып, ана тілімізді меңгеріп алды. Қазақ ауылында тұрып, ол халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін де қатар үйренді. Қазір ұлы Абайдың философиясын терең ұғыну үшін қазақ тіліндегі шығармаларын зерттей бастады.  

 

 

НАТАН ВИССЕР, ЭРГОТЕРАПЕВТ:

- Мағынасын былай түсіндім, Құдай деп, өз күш-жігеріңізді, қабілеттеріңізді қолдансаңыз, тас жерден де жеміс өнеді. Мағынасын түсінемін. Алдымен голландша оқимын, сосын қазақша.

 

 

Қазақстанда Натан Виссер болашақ жары – нидерландтық волонтер Эвелинмен танысты. Үш баласына Берік, Аяна және Сәуле деген ат берді. Натан мен Эвелин балалары өскеннен кейін олардың өздері отау құрған Қазақстанды көрсетуді армандайды.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий