Идея сізден, қолдау бізден!

10.03.2020

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ тың идеяларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты – ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Премьер-министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27-р өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру.

Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуге жағдай жасау, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту.

Қазақ тілінде балаларға арналған сапалы контентті көбейту.

Байқау:

1. Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу;

2. Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған балаларға арналған анимациялық фильм әзірлеу бағыттары бойынша жүргізіледі (жобалардың техникалық сипаттамасы төменде сілтемеде берілген).

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2020 жылдың 13 наурызы сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

Байқауды ұйымдастырушыға келесі көрсетілген ақпарат берілуі тиіс:

-Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;

-Жобаның бағалық ұсынысы;

-Пилоттық нұсқасы (бейнероликтер бойынша байқауға қатысқан жағдайда);

-Толық толтырылған өтінім.

Байқауға қатысуға қажетті құжаттарды tilalemi.kz@gmail.com адресіне жолдауға, пошта қызметі арқылы немесе тікелей көрсетілген мекенжайға әкелуге болады.

Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы Сығанақ көшесі №25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Сараптамалық кеңестің отырысы 2020 жылдың 16 наурызында өтеді. Байқау қорытындысы https://tilqazyna.kz/https://tilalemi.kz/ сайттарында жарияланады.

Ескерту!

Құжаттары толық жинақталмаған, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.

Сұрақтар бойынша 8 (7172) 27-71-33 (Ақпараттық технологиялар басқармасы) нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.

 

Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеудің техникалық сипаттамасы (word нұсқада)

https://drive.google.com/file/d/1mBtm8l3C9gdOSXCwm...

https://drive.google.com/file/d/1pK-HKckVPMLIFnF75...

https://drive.google.com/file/d/1qcnAHADA-ycY6XdhA...

https://drive.google.com/file/d/1W22P4v4NcA2Hdfaco...

 

Балаларға арналған анимациялық фильм әзірлеудің техникалық сипаттамасы (word нұсқада)

https://drive.google.com/file/d/1tCo7lOUHTlBShCAJU...

Комментарии (0)
Оставить комментарий