Termincom.kz сайтын жетілдіру жайы талқыланады

16.04.2020

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының аясында 2020 жылғы 17-сәуір күні сағат 15.00-де Termincom.kz сайтының youtube каналында «Termincom.kz сайтының қызметі, оны жетілдірудің жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өтеді. Семинарда 2016 жылы ашылған termincom.kz сайтының құрылымы, ішкі мазмұны, оны қолданудағы артықшылықтар мен кемшіліктер сөз болады.

Онлайн-семинарды өткізудегі негізгі мақсат – қазақ терминдер базасы болып табылатын termincom.kz сайтының қызметін жетілдіру, көпшілікке сапалы әрі қолдануға ыңғайлы сайт болатын техникалық мүмкіндікті қарастыру.

Онлайн-семинарға ІТ мамандар Рымбек ІзғалиӘділбек Бөкетаев және Сымбат Әбдіқұл және сайт қолданушысы Қостанай облыстық Тілдарын орталығының әдіскері Айнұр Нұрбекова қатысады.

Семинар сұрақ-жауап форматында өтеді. Termincom.kz сайтына қатысты сұрақтарыңызды youtube каналы арқылы қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.

Комментарии (0)
Оставить комментарий