Қазақ тілі оқытушыларының назарына!

08.11.2017

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қазақ тілі оқытушыларына арналған «Мемлекеттік тілді үйретудегі тәжірибе және инновация» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курста қазіргі таңдағы қазақ тілін оқыту, әдістеме мәселелері талқыланады:

- Мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері;

- Сабақты ұйымдастыру және мемлекеттік стандарт, бағдарламалар бойынша талдау;

- Тіл үйрету тәжірибесі;

- Тіл үйретудегі сауаттылық және шеберлік мәселелері.

 

Курсты тәжірибелі сала мамандары жүргізеді.

 

Курс – ақылы.

 

Уақыты: 6-8 желтоқсан, 2017 жыл.

 

Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А

 

Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7707 518 10 18, +7747 501 31 91

 

Email: dana.zhanabek@mail.ru

 

Курсқа қатысып, тіл үйретудің тиімді әрі жаңа әдістерін меңгеріңіз. Мамандармен тәжірибе алмасып, біліктілігіңізді арттырыңыз!

 

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий