Ілеспе аударма жүргізу курсы басталды
Шараны Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба, Ш.Шаяхметов атындағы атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директоры Әлібек Асқар кіріспе сөзбен ашты.
Алғаш рет қазақшадан ағылшынша, ағылшыннан қазақшаға ілеспе аударма курсы ұйымдастырылып отыр.
Курста аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілер, сөздік қорын байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.
Курсты Еуразия ұлттық университеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті, PhD докторы Ақнұр Төлеубаева жүргізуде.
Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысуда.