«Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары анықталды

16.11.2017

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы ағымдағы жылдың 4 тамыз – 7 қыркүйек аралығында «Үздік сабақ» байқауын жариялады. Байқауға республикалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінен, мектеп мұғалімдері мен сала мамандардан мемлекеттік тілді оқытудың сан түрлі әдіс-тәсілдері ұсынылды. Арнайы құрылған қомиссия байқауға жолданған 500-ге жуық материалдың 300-ін ғана іріктеп, сайтта жариялаған болатын. Байқау қорытындысы бойынша:

«Бас жүлде» - Серікбаев Нұрмұхамед Әмзеұлы

 

І орын – Қалдыбаева Гүлнар Анарбекқызы

 

І орын - Нұрмағамбетова Нұрсәуле Абзалқызы

 

ІІ орын - Сыздықова Армангүл Мұхтарқызы

 

ІІ орын - Бахытова Әсел Манасқызы

 

ІІІ орын - Ерботина Анара Амантайқызы

 

ІІІ орын - Сүгірбаева Ақмарал Сағынбайқызы

 

ЫНТАЛАНДЫРУ сыйлығы

 

Орлова Динара Владимировна

 

Дүйсебекова Айнұр Диханқызы

 

Мусаинова Айсұлу Аймағамбетқызы

 

Доспанова Айткүл Масақбайқызы

 

СЕРТИФИКАТ (белсенді қатысқаны үшін)

 

Ысқақова Гүлсім Сайранқызы

 

Оразалинова Дана Алпысбайқызы

 

Сабирова Асель Жамбуловна

 

Әуренбаева Торғын Төлегенқызы

 

Нұрғалиева Ғалия Ерсайынқызы

 

Таткенова Гүлбану Хайдарқызы,- иеленді.

 

- Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін оқыту методикасына мән беру керек. Ересектер мен балалар психологиясы мен деңгейіне қарай инновациялық технологияларды практикада пайдаланған абзал. Мен байқауға ересек А1 деңгейіндегі азаматтарға мемлекеттік тілді оқыту методикасын ұсындым. Қазақтың дәстүр-салты арқылы қазақ тілін оқыту, яғни тіл үйренушінің ұлттық дүниеге қызығушылығын арттыру арқылы ол тілге деген ынтасын ашуға болатындығын көрсеттім. Жалпы осындай байқау ұйымдастырып, тіл мамандарының тәжірибе алмасуына, өз ісіне деген қызығушылығын арттыруға себеп болған «Тіл әлемі» порталының ұжымына алғыс айтамын,- деді Ақтөбе облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ақмарал Сүгірбаева.

 Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар арнайы дипломмен, алғысхатпен, сертификат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий